Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 759 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 783 Қаулысына сәйкес
1. "Автомобиль көлiгiмен қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегі кейбiр мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 14, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлiк құралдарына қойылатын білiктiлiк талаптарында:
2-тармақ:
"әрекеті" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
5-тармақ "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - уәкiлетті орган)" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
"(рұқсаттың)" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жарылғыш немесе күшті әсер ететiн улы заттарды; азаматтық және қызметтік қаруды және оларға патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылған бұйымдарды тасымалдау кезiнде ішкі iстер органдары берген рұқсаттың бар болуы талап етіледi.";
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақта:
бiрiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.";
4) тармақша "қауіп" деген сөзден кейiн "және қауіптi жүктi бейтараптандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қауіптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады.
Полная версия