1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.02.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қыметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 226-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4915 болып енгізілді.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-2) және 5-3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е. О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 226-НҚ бұйрығымен бекітілген
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін ұсынудың, қарау мен келісудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
3. Ереже жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілеріне және олармен аффилиирленген тұлғаларға (бұдан әрі - Субъект) қолданылады.
4. Осы Ереженің мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) өтінім - Субъектінің уәкілетті органға Субъектілердің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу туралы ресми өтініші (мәлімдемесі);
Полная версия