Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2009
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361 Заңы
Құжат мәтініндегі "мемлекеттiк шекарадағы", "мемлекеттiк шекарада" сөздері "Мемлекеттiк шекарадағы", "Мемлекеттiк шекарада" сөздерімен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (04.12.2002 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Осы Заң күшін жойды 09.10.2009 жылдан бастап ҚР 18.09.2009 жылғы № 193-IV Заңына сәйкес
Редакция 04.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайын белгілейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат;
2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi;
3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бiр жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы;
4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi;
5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;
6) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi қызметi;
6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кемiргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;
8) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерi;
9) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн, айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттiк аурулар жұқтыру қаупiн көбiрек төндiретiн адамдар;
10) жұқпалы және паразиттiк аурулар - тiршiлiк ету ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi себептi туындайтын және таралатын адам аурулары;
11) жеке медициналық кiтапша - мiндеттi медициналық қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат;
12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi - жеке және заңды тұлғалар, қызметi, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер;
13) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтің ерекшe режимiн көздейтiн шаралар;
Полная версия
ИС BestProfi