Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.12.2010
Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 881 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6025 болып енгізілді
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.12.2010 № 986 Бұйрығымен (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
1) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2635 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы 17 қаңтарда № 3 (159) жарияланған);
2) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 396 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 13 желтоқсанда № 168 (792) жарияланған);
3) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 653 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4030 тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 17 наурызда № 47-48 (854) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 881 бұйрығымен бекітілген
Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық
 көмек көрсету ережесі
1. Осы ереже халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оны жүзеге асыруға жауапты органдар мен ұйымдардың әртүрлі кезеңдердегі өзара іс-қимылды айқындайды.
2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі - ММК) – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі - ЖММК) – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
ЖММК-нің шекті көлемдері – ақы төлеуге жатпайтын медициналық көмек сапасыз көрсетілген жағдайды қосқанда берілген есептік нысандар бойынша бір жылда немесе өзге есепті кезеңде емдеуге жатқызу жағдайларының жалпы саны.
Полная версия
ИС BestProfi