"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2014
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1298 болып тіркелген "Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесін бекіту және күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2588
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қорғаныс министрінің 26.11.2014 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
1. "Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесін бекіту және күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1298 болып тіркелген).
Көрсетілген бұйрықтың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесінде:
1) тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 9-тармақтағы:
1) тармақшадағы "-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім беру департаменті" деген сөздер "- кадр органдары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "- ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті;" деген сөздер "- ұйымдастыру-жұмылдыру органдары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы," деген сөздер "- әскери полиция органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. "ҚР ҚК Бас штабының Әскерлер қызметі басқармасы және" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "- ҚР ҚК Бас штабының Әскерлер қызметі басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлер қызметі бас басқармасы." деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-тармақтың 6) тармақшасындағы "Қарулы Күштерінде" деген сөздер алынып тасталсын. "Республикасының" деген сөз "Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-тармақтың 2) тармақшасындағы "немесе ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің баспасөз қызметімен бірлесіп" деген сөздер алынып тасталсын;
6) 35-тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе белгіленген міндеттерді орындау жүктелсе" деген сөздер алынып тасталсын;
7) 36-тармақта:
1) тармақшадағы "және оған сот жүктеген" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "егер олар сотталушыға сотпен жүктелген басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
8) 40-тармақта:
2) тармақшадағы "сондай-ақ, егер ол өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса," деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "сот жүктеген міндеттерді орындамау сол сияқты," деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшаның екінші абзацы алынып тасталсын;
3) тармақшаның үшінші абзацындағы "сәтінен бастап он тәулік" деген сөздер "заңнамада белгіленген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 44-тармақтың 1) тармақшасындағы "нұсқаулар" деген сөз "көрсетілген" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
3. Бұйрық жекелеген Әскери бөлімдерге жеткізілсін.
Армия генералы
Полная версия