Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2016
Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауды және отбасын жоспарлау жөнінде қызметтер көрсетуді дамыту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қазандағы N 595 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5873 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 01.02.2016 жылғы № 74 Бұйрығына сәйкес
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 96-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауды және отбасын жоспарлау жөнінде қызметтер көрсетуді дамыту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жөніндегі іс-шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 28 қазандағы
 N 595 бұйрығымен
 бекітілген
Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді көрсету жүйесін дамыту жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді көрсету жүйесін дамыту жөніндегі нұсқаулық "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 96-бабына сәйкес әзірленді.
2. Отбасын жоспарлау – жекелеген адамдардың немесе қосақтардың олар қалаған балалардың санын, туулар мен оларды туу уақытының арасындағы интервалдарды анықтау қабілеті. Отбасын жоспарлауға контрацепцияны және бедеулікті емдеу әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
3. Отбасын жоспарлау мақсатында ұрпақты болу денсаулығын сақтау, тек қалаған және дені сау балалар туу үшін тиімді уақытты таңдау, түсіктер мен ана өлім-жітімінің санын төмендету болып табылады.
4. Денсаулық сақтау саласында отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді:
1) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі қызметтерді жетілдіру және дамыту;
2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау, жыныстық мінез-құлық, қазіргі заманғы контрацепциялық құралдарды пайдалану мәселелері бойынша халыққа арналған ақпараттық жүйені жетілдіру;
3) халықтың отбасын жоспарлау қызметі мен әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) аборт қауіпсіздігі технологияларын (жүктілікті 1-2 триместрлерінде пероралдық антипрогестиндер мен простагландиндерді және ваккум-аспирация үшін бір реттік пластикалық канюльді пайдалана отырып) енгізу;
5) отбасын жоспарлау жөніндегі мамандарды, адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу бойынша оқытушыларды даярлаудың тиімді жүйесін құру;
6) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары мен стандарттарына сәйкес контрацепция құралдарын қолдану жөніндегі медициналық өлшемдер мен ұсынымдар бойынша ұлттық нұсқаулықты әзірлеу және енгізу;
7) отбасын жоспарлау жөніндегі клиникалық хаттамаларды (стандарттарды) үнемі қайта қарау және бейімдеу;
8) отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтің сапа индикаторын әзірлеу және енгізу;
9) отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтің мониторингі және бағалау.
5. Отбасын жоспарлау жөніндегі қызметті денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
6. Медицина қызметкерлері мен жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде пациенттерге консультация беруді жүзеге асырады және отбасын жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістері туралы халыққа ақпаратты (дәрістер, әңгімелесу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеулер) ұсынады.
7. Отбасын жоспарлау мамандары (арнайы отбасын жоспарлау жөніндегі дайындықтан өткен дәрігерлер және акушерлер, медбикелер, фармацевтер) мен акушер-гинекологтар:
1) отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөнінде қызмет көрсете отырып денсаулық жай-күйін, жасын және жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып ұтымды әдістер мен контрацепция құралдарын жеке таңдай бойынша пациенттерге, оның ішінде жасөспірімдерге консультация беруді;
2) тиімді контрацепция құралдарымен өте қауіпті топ әйелдерді неғұрлым көп қамтуды (оралды контрацепция, инъекциялық контрацепция, трансдермалды және жатыр ішіндегі заттар, әйелдердің қалауы жөніндегі және медициналық көрсеткіштер жөніндегі хирургиялық стерилизациялау);
3) гормоналды контрацепция және жатыр ішіндегі заттармен пайдаланушы пациенттерді диспансерлік бақылауды;
4) отбасын жоспарлау жөніндегі туғаннан кейін және тумай тұрып, аборттан кейін консультация беру және контрацепция әдістерін таңдау кезінде көмек көрсетуді;
5) перзентханалар мен перзентхана гинекологиялық бөлімшелерінің абортты төмендету жөніндегі жұмыстарындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.
8. Жалпы практика дәрігерлері, терапевтер:
1) отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөнінде пациенттерге консультация беруді;
2) экстрагенеталды ауру бар фертильді жас шамасындағы әйелдерді диспансеризациялауды және алдағы жүктілікке дайындықты;
3) жүктілікке абсолюттік және салыстырмалы қарсы көрсетімдерімен фертильді жас шамасындағы әйелдер тобын контрацепциямен қамтуды қамтамасыз етеді.
9. Педиатр дәрігерлер, жасөспірімдер терапевтері:
1) әлеуметтік-нашар отбасынан экстрагениталды аурумен, тәртіп факторының қауіп-қатерімен балалар мен жасөспірімдерді анықтау, диспансеризациялау және сауықтыруды;
2) жасөспірімдерді отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі және оларды отбасы өміріне дайындау да ақпараттандыруды;
3) лактациялық аменорея әдісі жөніндегі консультация беру және отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерді ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
1) ұрпақ денсаулығын болжау үшін отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі консультацияны;
2) прегрвидарды дайындық жөніндегі ұсыныстар ұсынуды қамтамасыз етеді.
11. Уролог (андролог, сексопатолог) дәрігерлер:
1) отбасын жоспарлау, жыныстық қатынастардың бұзылуы, жыныстық жолмен берілетін, оның ішінде анасына іштегі нәрестеге берілетін жұқпалар мәселелері жөніндегі пациенттерге кеңес беруді;
2) пациент денсаулығының жағдайын бағалауды қамтамасыз етеді.
12. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарының дәрігерлері отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін, оның ішінде анасына іштегі нәрестеге берілетін жұқпаның берілуінен сақтандыру мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат және консультация беруді қамтамасыз етеді.
13. Нарколог, психиатр, фтизиатр, онколог, дерматовенеролог дәрігерлер отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі ақпарат пен консультация беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, негізгі ауруларды, отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі арнайы дайындықты өткен, мамандармен бірлесіп контрацепция әдістемесімен бақылау және динамикалық байқау.
14. Акушерлер мен мейірбикелер отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат және консультация беруді қамтамасыз етеді.
15. Отбасын жоспарлау оқуын өткен әлеуметтік қызметкерлер, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат жүргізе алады.
16. Жасөспірімдер мен жастарға адамгершілік-жыныстық тәрбие беруде психологтар қатысады.
Полная версия
ИС BestProfi