Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.03.2014
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 702 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8111 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 12.06.2014 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.03.2014 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджеттiк Кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнiсовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi                        С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
1-қосымша
«Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.
Полная версия
ИС BestProfi