Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2009
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2009. № 1060 Қаулысымен. (27.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
#$Мәтіндегі "РМК" және "ЕМК" деген аббревиатуралар "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 05.10.2007. № 908 Қаулысымен.
Редакция 27.08.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы шешiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi - Іс-шаралар жоспары) көзделген шығыстардың сомасы 2006 және одан кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтылауға және түзетуге жатады деп белгiленсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарлама бекiтiлгеннен кейiн бiр ай мерзiмде мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, өңiрлiк бағдарламалар мен оларға iс-шаралар жоспарларын әзiрлесiн.
4. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша): 
1) Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 10-қаңтарға және 10-шiлдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 25-қаңтарға және 25-шiлдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 6 наурыздағы
 N 149 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты
 дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске
 асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi
 кезектегi шаралар бағдарламасы
3. Агроөнеркәсiп кешенi экономикасының қазiргi таңдағы жай-күйi 
4. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты   дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске   асыру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi   шаралар бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерi 
Полная версия
ИС BestProfi