Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республкикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі N 838 Қаулысы       
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323  қаулысында: 
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;"; 
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;"; 
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов;"; 
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысымен (26.09.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1194  қаулысында: 
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Васильевич Супрун" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi