1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2011
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 06-2-2/51 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2730
Күші жойылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 Бұйрығымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 12.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысын iске асыру мақсатында бұйырамын:
2. Жоғары жетiстiктер спорты және спорт резервi басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
4. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Төрағасының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы "Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" N 06-2-2/51 бұйрығымен бекiтiлген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден өткiзу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Осы дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден өткiзу туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
2. Нұсқаулық дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден (бұдан әрi - Аккредиттеу) өткiзудi нақтылайды.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiктер) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
4. Тiркелген бiрлестiктердi аккредиттеудi және тiзiлiм жүргiзудi бiрлестiктiң қызметiн бағалау негiзiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
5. Бiрлестiктердi аккредиттеу мәселелерiн алқалы әрi жариялы түрде қарау үшiн уәкiлеттi орган консультативтiк-кеңесшiлiк орган - республикалық қоғамдық бiрлестiктерiн аккредиттеу жөнiндегi комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
2. Аккредиттеу жөнiндегi комиссия
6. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
7. Аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) беру немесе беруден бас тартуға, сондай-ақ куәлiктiң қолданылуын тоқтатуға ұсынылған материалдарды қарау үшiн Комиссия құрылады.
8. Комиссияның құрамында уәкiлеттi органның мамандары мен спорт ұйымдарының өкiлдерi болады. Уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығымен комиссияның құрамы бекiтiледi.
Полная версия