Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.04.2013
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1163 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 417 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 128-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынадай мамандықтар бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация және темір жол көлігі:
авиациялық аспаптар слесарь-механигі;
авиациялық қозғалтқыштардың техникалық қамтамасыз етілуін басқару жөніндегі инженер;
авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь;
авиациялық техниканы электромонтаждаушы;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер-супервайзер;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі механик;
жолаушылар салондарының жабдығын техникалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі инженер;
кемелердің кеме жасаушысы-кеме жөндеушісі;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші бақылаушы инженер;
техникалық сервис бөлімінің жетекші инженері;
ұшу аппараттары мен қозғалтқыштар инженері;
ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер;
ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик;
электропоезд және локомотив машинисі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi