Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 ақпанда № 7451 тіркелді
Осы редакция 10.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2012 жылғы 31 қаңтардағы
 № 36 бұйрығына
 1-қосымша
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының
 бірыңғай бағдарламасы
1. Осы Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының Бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 9 тармағының негізінде әзірленді және тағылымдамадан өтушілердің барлығына міндетті болып табылады.
2. Тағылымдаманы ұйымдастыруды мемлекеттік нотариаттық кеңседе әділет органы, жекеше нотариустарда аумақтық нотариаттық палата жүзеге асырады.
3. Бағдарлама бір күнтізбелік жылға, тағылымдама қысқартылған жағдайда үш айдан кем емес мерзімге арналған теоретикалық дайындық пен практикалық дағдылардан тұрады.
Полная версия
ИС BestProfi