Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 613 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес «Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 жылғы № 19-5/293 Бұйрығын қараңыз «Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 жылғы № 555 Бұйрығын қараңыз
Редакция 17.06.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 613 қаулысымен бекiтiлген
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн реттейдi.
2. Су шаруашылығы құрылыстары су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келiсiм бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ашық тендерлер өткiзу жолымен жүзеге асырылады.
4. Оларды нысаналы мақсаты бойынша одан әрi пайдалану су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға берудiң мiндеттi шарты болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын мақсаттан тыс пайдалану жалға берушiнiң немесе сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының шешiмi бойынша жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде мынадай:
су пайдаланушылардың белгiлi бiр санаттарына суды субсидияланған тарифтер (субсидиялар мөлшерiне азайтылған) бойынша беру жөнiнде;
технологиялық циклдың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде талаптар белгiленедi.
2. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру
5. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Полная версия