1. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысы
Редакция 03.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Жергілікті атқарушы органдар құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлесін.
3. "Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1382 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 654-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 қаулысымен бекітілген
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама Астана қ. 1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі
2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)
Бағдарламаны әзірлеу Мемлекет басшысының 2008 жылғы 25 үшін негіздеме қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында айтылған тапсырмасы.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (184-т.
1-тармақшасы)
Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Полная версия