Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1147 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
«Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жалпы талаптарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 191 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 142-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 қарашадағы
 N 1147 қаулысымен
 бекітілген
Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар
Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар мыналардың болуын қамтиды: 
1) ұйымның Жарғысында (Ережесінде) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды тікелей жүргізетін ұйымдар үшін кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі норманың; 
2) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс оқу жоспарларының және бағдарламаларының; 
3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің; 
4) оқыту шартының (жұмыс беруші мен оқушы арасында тікелей ұйымдарда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) немесе білім беру қызметін көрсету туралы шарттың (жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің).
Полная версия
ИС BestProfi