Близость слов: Окончание:





Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 868 Қаулысымен (28.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1197 Қаулысына сәйкес (05.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы № 27 (28153) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 29.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 188-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.01.2023 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 868 Қаулысымен (28.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1197 Қаулысына сәйкес (05.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы № 27 (28153) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат);
2) «Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 270-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қазандағы
 № 1223 қаулысымен
 бекітілген
Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 868 Қаулысымен (28.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1197 Қаулысына сәйкес (05.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы № 27 (28153) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.01.2023 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2020 жылғы № 915 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.01.2023 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған тұлға;
2) кепіл ұстаушы – мүддесі кепілге салынған мүлікпен қамтамасыз етілетін тұлға;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде:
жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыруға және үйлестіруге, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесуге арналған арнаулы мемлекеттік органдар;
Полная версия
ИС BestProfi