Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5794 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына!Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3 және 4-тармақтан қараңыз.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 5-тармағын, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 1-қосымшасының 1-тармағының реттік нөмірі 10-жолын, реттік нөмірі 11-жолын және 2-тармағының реттік нөмірі 6-жолын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Ереженің 4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады, Ереженің 1-қосымшасының 1-тармағының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 174 қаулысы (15.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
5. Осы Ереженің қолданысы осы Қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алынған, негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген (principal protected notes) борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 189 қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабының 3-1) тармақшасына, 51-бабына, 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) 45-бабының 4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттiк реттеу туралы Заң) 12-бабының 10-тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – Қор) қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу – почталық, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қаржы құралдары бойынша қарсы әріптестің баға ұсынымы;
Полная версия
ИС BestProfi