«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2014
«Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 маусымдағы N 270 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6295 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
2) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшада «тіркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылып, «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдамаған, өткен қаржы жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер сомаларын қайтару.»;
1) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
«1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер – бюджет түсімдерін санаттары, сыныптары, қосымша сыныптары мен бюджет түсімдерін жіктеу ерекшелігі бойынша және бюджет шығыстарын функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша толық көлемде электрондық деректер базасы түрінде және қағаз тасығышта есептіден кейінгі айдың 2 күнінен кешіктірілмей;»;
2) тармақшада «8» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
«43-1. 1-27 нысан бойынша деректерге осы Ережедегі 19-қосымшаға сәйкес өзара өтелетін операциялар жөніндегі деректер қоса беріледі.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы ұсынылған деректермен бiрге оның билiгiндегi есеп көрсеткiштерiн салыстыруды жүргiзедi.
Бұл ретте, есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ай сайын және есепті қаржылықтан кейінгі жылдың 12 қаңтарынан кешіктірмей осы Ережедегі 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті деректерді салыстыру актісі жасалады.
Осыдан кейін алшақтық себептерін анықтау және оларды келесі есепті кезеңде жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.»;
1) тармақшада «есепті ай» деген сөздер «есептіден кейінгі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия

