Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1298 Қаулысы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес, құқық бұзушылықтар профилактикасының әдістерін жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Мақсаты » деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсаты     Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының                     тиімді және пәрменді жүйесін қалыптастыру»;     »;
«Міндеттері » деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттері  Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық                     бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты                     жандандыру;
            Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы                     құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен                     алкоголизмнің профилактикасы;
            Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың                     деңгейін төмендету;
            Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың                     профилактикасы;
            Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық                     бұзушылықтардың профилактикасы;
            Қару айналымы саласындағы қылмыстардың                     профилактикасы;
            Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың                     профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді                     жүйесін құру;
            Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
            Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру»;         »;
«Нысаналы индикаторлары » деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы    Елдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар деңгейін        индикатор-   (100 мың тұрғынға) 2011 жылы 4,9 дейін, 2012 жылы        лары         3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету»;      »;
Полная версия
ИС BestProfi