Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 237 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 1149 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1321 Қаулысымен (29.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен  қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1321 Қаулысымен (29.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2012 жылғы № 342 Қаулысымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 жылғы № 342 Қаулысымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі; 
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.
Параграф 1. Тапсырыс берушілердің тізілімі
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1321 Қаулысымен (29.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi