Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1321 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде: 
2-тармақта "электрондық түрде" деген сөздер "мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақта "мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта" деген сөздер "веб-порталда" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтың 3) тармақшасында "немесе" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: 
"5-1. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады."; 
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Тапсырыс беруші мәліметтерді оның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрынғы енгізілген мәліметтерге өзгерістер енгізген жағдайда тапсырыс беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістерді тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. 
7. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді. 
Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді."; 
9-тармақта "және қағаз" деген сөздер алынып тасталсын; 
11-тармақта "электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға" деген сөздер "уәкілетті органға веб-портал арқылы электрондық түрде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
12-тармақта "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "веб-портал арқылы" деген сөздермен толықтырылсын; 
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"3) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;"; 
Полная версия
ИС BestProfi