Близость слов: Окончание:





Шығындарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 228
Атырау облысында 1997 жылдың қысқы және көктемгi кезеңiндегi байқалған табиғи зiлзалалардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстардың орындалуына кеткен шығындарды өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
Атырау облысының республикалық мәнi бар қираған автомобиль жолдарын қалпына келтiруге пайдалануы үшiн 1997 жылы және 1998 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Атырау облысының төлеушiлерiнен түсетiн барлық төлем сомасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Жол қорының шотынан белгiленген тәртiппен аударуды қамтамасыз етсiн; 
су басу аймағына душар болған Құлсары-Мақат темiр жол
учаскелерiне тексеру жүргiзсiн және темiр жолдың бүкiл өне бойында
қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, өз қаражаты есебiнен
оларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдансын.
      Қаулы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.19. N 120 қаулысымен.
               

 
 
     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары
      
      
Полная версия
ИС BestProfi