1. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі, төрағаның орынбасары
Қамзебаева - Қазақстан Республикасы Туризм және Дариға Үсейінқызы спорт министрлігі Туризм және спортты дамыту стратегиясы департаментінің директоры, хатшы
Мусин - Қазақстан Республикасы Туризм және Қобыланды Нұрғалиұлы спорт министрлігінің жауапты хатшысы
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Қазыханов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы министрінің орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Ердәулетов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Станислав Рамазанұлы университеті туризм кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)
Қалиев - Қазақстан ұлттық туристік ұйымдар
Жекен Қалиұлы конфедерациясының президенті, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ықпал ету қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Балалар және жастар
Асхат Ғалиұлы туристік ұйымдары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
"Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан "АЛАРК" жеңіл авиация қауымдастығының президенті (келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы, Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, Зәкіриянов Қайрат Хайроллаұлы, Казанцев Павел Олегович, Уәлиев Қазбек Шәкімұлы, Қоңырбаев Уәлихан Сиянбекұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.";
19-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті" деген сөздер "Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия