Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2013
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдерін, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 жылғы № 331-ө-м Бұйрығына сәйкес
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралманды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдері, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578) "Казахстанская правда", 2011 жылғы 1 маусымда № 228-231 (26629) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2011 жылғы 4 қарашадағы
 № 582 бұйрығына
 1-қосымша
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұруы және қағидасы мен мерзімі
1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) тұру қағидасы мен мерзімдері, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта уақытша тұру тәртібі мен мерзімін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жолдама - уәкілетті орган беретін оралман мен оның отбасы мүшелеріне орталыққа орналасу құқығын беретін және белгіленген нысандағы құжат;
Полная версия
ИС BestProfi