Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 362 Қаулысы
#$Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048 Қаулысымен). (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдарды және олардағы мемлекеттiк қатысу үлестерiнiң мөлшерi қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiн анықтауға мемлекетке мүмкiндiк беретiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi оңтайландыру мақсатымен олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүргiзу тетiгiн анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж. N 7, 73-құжат):
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "акционерлiк қоғамдар" деген сөздердiң алдынан "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысының 8-тармағы орындалғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия