1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 сәуір N 452.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
10-тармақта:
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;";
"Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің консультанты;" деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
Полная версия