Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 794 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5953 болып енгізілді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (бұдан әрі – МСАК) және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 874 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 3315 тіркелген, "Заң газеті" газетінің N 133-134 (758) санында 2005 жылғы 27 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің         міндетін атқарушы                                 Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушының
 2009 жылғы 26 қарашадағы
 N 794 бұйрығымен
 бекітілген
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесі
1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (бұдан әрі – МСАК), МСАК ұйымдарына азаматтарды тіркеу тәртібін анықтайды.
2. Осы ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға қолданылады.
3. МСАК – тәулік бойы медициналық бақылаусыз, адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін (неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді; инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды; халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды; халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек) қоса есептегендегі дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
4. МСАК ұйымдарына емхана (аудандық, қалалық) және оның құрылымдық бөлімшелері:
Полная версия
ИС BestProfi