1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) егу жүргізу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егу алуын;
2) медициналық ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21- 22, 216-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 515-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 19-құжат).
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі
1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
Полная версия