Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2006
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 19 ақпан N 808
Күші жойылды ҚР Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев тағайындалсын; Комиссия құрамына төрағаның орынбасары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Николай Васильевич Белоруков енгізілсін; аталған құрамнан Ә.М.Байменов және И.А.Ушуров шығарылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.
Полная версия