Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 865 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейін акцияларының мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 52-жолмен толықтырылсын: 
"52. "Көлік медициналық қызметі" ААҚ (Алматы қаласы) 34%".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi