Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1432 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде: 
12-тармақтың 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы "оның мүлкі" деген сөздерден кейiн "үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацындағы "меншiк құқығын және" деген сөздерден кейiн "үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: 
"14-1. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың қатарына енгiзілген кезде қор қатысушының қаржылық жай-күйiн, қатысушының мүлкiне кепiл ауыртпалықтарының болуын, қатысушының паспорттық сыйымдылығын және астық қоймасының нақты жүктелу көлемiн, қатысушының астық қоймасында сақталатын астық иелерiнiң құрылымын, сондай-ақ қорға берілетiн кепiлдiк қамтамасыз етудiң болуын және сипаттамаларын ескере отырып анықталатын квота белгілейдi.".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.
Премьер-Министрінің         міндетін атқарушы
Полная версия
ИС BestProfi