Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2981
Осы Бұйрықтың тақырыбы өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығымен
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 26 наурызынан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 ж. № 22 Бұйрығына сәйкес
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 38-тармағына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2599 нөмірмен тіркелген Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесіне сәйкес Бұйырамын:
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесі бекітілсін.
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Е.С.Жусанбаев) осы бұйрықтың заңда белгіленген ереженің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамының, "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 24 маусымдағы
N 274-ОД бұйрығымен
бекітілген
Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесі
: Тақырыпта және барлық мәтін бойынша "мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің" сөздер "әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" сөздермен ауыстырылды
барлық мәтін бойынша "өсуіне" сөз "өсу" сөзбен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ, 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)