Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысы
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 22 желтоқсандағы
 N 1288 қаулысымен
 бекiтiлген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ЕРЕЖЕСI
1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiктер) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аккредиттеудi жүзеге асырады.
4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттелген республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.
5. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
6. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды: 
1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеудi өткiзу мен аккредиттеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiштi; 
2) заңды тұлға ретiнде бiрлестiктiң құрылтай құжаттары мен мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн; 
3) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесiн; 
Полная версия
ИС BestProfi