Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Әділет және Қаржы министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 297 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 503 бірлескен бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 172, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 598 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2068 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2003 ж., № 3, 771-құжат жарияланған);
2) «Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» № 2068 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 172 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 598 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2004 жыл 1 қыркүйектегі № 250, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жыл 10 қыркүйектегі № 349 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3102 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2004 ж., № 41-44, 1030-құжат жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы 
Полная версия
ИС BestProfi