Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.12.2007
Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 тамыз N 915
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.12.2007. № 1344 Қаулысымен (20.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 20.03.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 17 тамыздағы
 N 915 қаулысымен
 бекiтiлген
Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау  
  ережесi 
1. Осы Ереже республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен авиабағыттарға субсидиялар жұмсау тәртiбiн анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның шешімдерi негiзінде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерi негiзінде жүзеге асырылатын, авиабағыттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдарға тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидия берiлуге тиiс. 
Авиатасымалдарды субсидиялауға авиатасымалдар кезiнде тариф пен пайдалану шығыстары көлемiнің арасында белгiленген айырма жатады.
3. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесiнің экономика сыныбы есебiнен қолданылады.
2. Субсидияларды есептеу және төлеу тәртiбi 
4. Республикалық бюджеттен авиатасымалдар бойынша субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлген тиiстi бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi.
5. Жергiлiктi бюджеттен авиатасымалдар бойынша субсидиялар төлеу әкiмдiк қаулысымен бекiтiлген тиiстi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Субсидияларды төлеу ай сайын авиатасымалдардың нақты орындалған және құжатпен расталған көлемi бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.  
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2004. № 362 қаулысымен. (17.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Субсидиялар алу үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал жергiлiктi бюджеттен субсидияланған жағдайда - жергiлiктi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) мен авиатасымалдарды жүзеге асыратын авиакомпаниялар арасында осы Ереженің 2-тармағына сәйкес белгiленген авиабағытты субсидиялау туралы шарт жасалады.
8. Авиабағытты субсидиялау туралы келiсiм жасалғаннан кейiн авиакомпания ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-i күнiне дейiнгi мерзiмде айлық қаржы есебiн уәкiлеттi органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен куәландырған мынадай құжаттарды қоса бередi: 
1) сатылған билеттер тiзiлiмiн қоса, осы бағыт бойынша тасымалданған авиажолаушылар авиабилеттерi купондарының көшiрмесi; 
2) әуежай, аэронавигация, метео қызметтерi шоттарының көшiрмесi; 
3) жанар-жағар май материалдарын құю жөнiндегi талаптар көшiрмесi; 
4) жинақтау-тиеу ведомосiнің көшiрмесi; 
9. Уәкiлеттi орган тiркелген құжаттары бар айлық қаржылық есебiн қабылдағаннан кейiн осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес салыстыру актісін жасайды және жүргiзілген шығыстардың мақсатты жұмсалуы мен субсидиялар сомасын бекiту туралы қорытынды жасай отырып авиатасымалдардың орындалу фактiлерiне тексеру жүргiзедi.
10. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Қазақстан Республикасының әуежайлары және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны уәкілеттi органға осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген мерзiмде әрбiр жеке авиабағыт бойынша көрсеткен авиақызметтерi үшiн авиакомпанияларға төлеуге ұсынылған шоттар көшiрмелерiн бередi.
11. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк ақшаны пайдалануға рұқсатына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің қазынашылық аумақтық органдарына осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес субсидияланатын авиатасымалдар тiзiлiмiн, салыстыру актiлерiн және шарттардың көшiрмесiн өзiнің бюджеттiк шотынан авиакомпанияның ағымдағы шотына ақша аударуға төлем тапсырмаларымен бiрге бередi.
12. Осы Ереженің 8 және 9-тармақтарымен бекiтiлген талаптарды авиабағыттарды пайдалану процесінде орындамаған авиакомпанияларға және жолаушыларды, қолжүктерін, жүктердi және почтаны тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету үшін авиабағыттарға арналған куәліктерді қайтарып алған жағдайда субсидияларды есептеу мен төлеу жүргізілмейді.
Авиабағыттарға субсидияларды
 жұмсау ережесіне
 1-қосымша
 
Күні|Бағыт.| Ұшу |Әуе | _____ |Әуежай.|Әуежай.| ЖЖМ|Аэро. |Метео| Рейс
| тар |(сағ.)|кеме.|әуе | дың | ларда | |нави. |қам. | бойын.
| | |сінің|кеме. |қызмет.| техни.| |гация |тама.| ша
| | |түрі |сі | тер | калық | | |сыз | барлық
| | | |бойын. |көрсе. |қызмет | | |ету | пайда.
| | | |ша ұшу | туі |көрсету| | | | лану
| | | |саға. | | | | | | шығыс.
| | | |тының | | | | | | тары
| | | |өзіндік| | | | | |
| | | |құны | | | | | |
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Авиакомпания басшысы Бас бухгалтер М.О. таблицаның жалғасы
теңге
______________________________________
Тариф |Тасымал. | Рейс. | Субси.
|данған | тен | диялауға
|жолаушы. | түсе. | жататын
|лар саны | тін | сома
| (адам) | табыс |
________________________________________
12 13 14 15
________________________________________
________________________________________
________________________________________
Авиабағыттарға субсидияларды
 жұмсау ережесіне
 2-қосымша
 
200_ жылғы "___" ____________ Біз, төменде қол қойған _____________________________________________
(Авиакомпанияның басшысы мен бас бухгалтерінің А.Ә.Т.)
бір тараптан және ________________________________________________________
(Уәкілетті орган басшысының А.Ә.Т.)
екінші тараптан, 200_ жылғы "___" _______ орындалған жұмыстар үшін өзара
есеп айырысудың осы салыстыру актісін жасадық.
теңге
___________________________________________________________________________
Жазбаның мазмұны | Авиакомпания | Уәкілетті орган
_________________________|____________________|____________________________
| дебет | кредит | дебет | кредит ___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Өзара есеп айырысу нәтижесінде субсидиялау сомасы _________________________
(сомасы санмен және жазумен, теңгеде)
теңгені құрады. Тараптардың заңды мекен-жайлары: Уәкілетті орган Авиакомпания
СТН СТН
Банкілік деректері Банкілік деректері
_______________________ ______________________
(басшының қолы, А.Ә.Т.) (басшының қолы, А.Ә.Т.) М.О. ___________________________
(бас бухгалтердің қолы А.Ә.Т.)

М.О.
Авиабағыттарға субсидияларды
 жұмсау ережесіне
 3-қосымша
___________________________
 сомадағы тізілімді
 бекітемін
 ___________________________________
 (қолы) (уәкілетті органның басшысы)
Авиатасымалдарды субсидиялау  
  ТІЗІЛІМІ 
 
200_ жылғы "___" __________
___________________________________________________________________________
р/с | Авиабағыт | Авиатасымал | Авиатасымал бойынша
N | | | субсидиялау сомасы
| | | (теңге)
___________________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Субсидиялау сомасының жиыны: _________________________________
(сома санмен және жазумен, теңгеде) Осы тізілімге қоса тіркелді:
1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________ Авиакомпания Уәкілетті орган
_____________________________ _____________________________
(басшының қолы, А.Ә.Т.) (басшының қолы, А.Ә.Т.)
______________________________ ______________________________
(бас бухгалтердің қолы, А.Ә.Т.) (бас бухгалтердің қолы, А.Ә.Т.) М.О. М.О.
Полная версия
ИС BestProfi