1. Қоса беріліп отырған Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2010
Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1344 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 31.12.2010 № 1511 Қаулысымен (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 301-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 190-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1344 қаулысымен бекітілген
Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиабағыттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдарға тиісті бюджетте көзделген қаражат есебінен субсидия берілуге тиіс.
Субсидиялауға авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, почтаны және багажды тасымалдаудан түскен кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма жатады.
3. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесінің экономика сыныбы есебінен қолданылады.
2. Бюджеттік субсидияларды есептеу және төлеу тәртібі
4. Республикалық бюджеттен авиатасымалдар бойынша бюджеттік субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.
5. Жергілікті бюджеттен авиатасымалдар бойынша бюджеттік субсидиялар төлеу әкімдіктің қаулысымен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес жүргізіледі.
6. Бюджеттік субсидияларды төлеу ай сайын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес келетін авиатасымалдардың нақты орындалған және құжатпен расталған көлемі бойынша және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия