1. Қоса беріліп отырған Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5434 болып енгізілді.
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4484 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 83 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4895 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны арнайы қаржы компанияларына жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 қаулысымен бекітілген
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы, " Секьюритилендіру туралы " 2006 жылғы 20 ақпандағы, " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және Арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есепті жүргізуін толықтырады.
2. Осы Нұсқаулықта " Секьюритилендіру туралы " 2006 жылғы 20 ақпандағы, " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3. Осы Нұсқаулықтың және Қазақстан Республикасының б ухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат беріледі.
Полная версия