Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.05.2018
Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 593 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7931 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 25 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.04.2018 жылғы № 173 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабына сәйкес акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрықты оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. «Әйелдер консультациясы (кабинеті) қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы № 612 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2473).
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 27 тамыздағы
 № 593 бұйрығымен
 бекітілген
Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
1. Осы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі - АЕҰ) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау мақсатында акушерлік-гинекологиялық көмекті жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Акушерлік - гинекологиялық көмек мынадай АЕҰ-да көрсетіледі:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары (бұдан әрі - МСАК):
дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерский пункт, медициналық пункт;
2) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - КДК):
консультациялық-диагностикалық орталықтар / емханалар.
3. МСАК денсаулық сақтау ұйымдарында әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша тәуліксіз медициналық бақылауды жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер/педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер және мейіргерлер көрсетеді.
Полная версия
ИС BestProfi