Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 тамыз N 926       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (20.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейiнгi мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу үшін тұжырымдамалық қағидаттарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 20 тамыздағы
 N 926 қаулысымен
 мақұлданған ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УРАН ӨНЕРКӘСІБІН
 ЖӘНЕ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ
 2002-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ КІРІСПЕ
Тұжырымдаманың негiзгi әзiрлеушiсi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі     Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының мына Заңдарының ережелерi пайдаланылды: 
1997 жылғы 14 сәуiрдегi " Атом энергиясын пайдалану туралы"; 
1998 жылғы 23 сәуiрдегi " Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi   туралы"; 
1997 жылғы 15 шiлдедегi " Қоршаған ортаны қорғау туралы"; 
1999 жылғы 16 шiлдедегi " Электр энергетикасы туралы", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 384 қаулысымен бекiтiлген Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгi бағдарламасы. 
Энергияны өндiрудiң және тұтынудың көлемi мен тиiмдiлiгi едәуiр дәрежеде елдің дамуы мен оның халқының әл-ауқатының деңгейiн анықтайды. Жиырмасыншы жүз жылдықта адамзаттың энергияны пайдалануы әрбiр 30 жыл сайын шамамен 2-3 eceгe артты және аз қарқынмен болса да артып келедi. Бұл энергетикаға оның дамуынсыз халық шаруашылығының өркендеуi мен адамдардың тұрмыс деңгейiнің көтерiлуiн шешуге болмайтын ұлттық экономиканың саласы ретінде ерекше сипат бередi. 
Экономиканың барлық саласын дамыту мен қоғам өмiрiн қамтамасыз етуде отын-энергетика кешенiнің тұтқалық рөлi елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiмен тiкелей байланысты. Энергетикалық қауiпсiздiк - қалыпты жағдайда экономикалық ақылға сыйымды негiздерде материалдық өндiрiс пен әлеуметтiк ая салаларындағы тұрақты қызметтi, сондай-ақ төтенше жағдайаттар кезiнде олардың өмiршеңдiгi үшiн қажеттi кепілдi, сенімдi энергиялық және отындық қамтамасыз ету. Мұндай тұрғы Дүниежүзiлiк энергетикалық кеңестiң: "...Энергетикалық қауiпсiздiк дегенiмiз осы экономикалық жағдайда энергияның талап етiлетін сондай санда және сондай сапада қолда болатынына сенiмдiлiк" деген энергетикалық қауiпсiздік анықтамасына сәйкеседi. 
Мемлекеттiң тұрақты дамуы мен энергетикалық қауiпсiздiгiн тек қазiргi энергетикалық технологияны пайдалануға және экономикалық тиiмдiлiк қағидаттарының жалпы және экономикалық қауiпсiздік кепiлдіктерiнiң ұштасуына негiзделген энергетика ғана қамтамасыз ете алады. Қазiргi энергетика саласы энергияның түрлi көздерін ақылға сыйымды және экономикалық орынды пайдалануға негiзделуi тиiс. 
Органикалық отынды пайдалануға негiзделген энергия өндiрудің бұдан арғы өсуi бiрқатар шешiмі қиын экономикалық, көліктік және экологиялық проблемаларға тiрелiп отыр: тұмшаулық әсер, отынның тасымалдау көлемi мен құнының өсуi, пайдалануға тиiмдi кен орындары қорларының таусылуы, радонның, полонийдің, торийдiң, калийдiң радиоактивтi изотоптарының және концероген заттардың (ванадий бестотығы, бензопирен) және т.б. шығуы. 
Бүгiнде аталған проблемаларды шешуге және энергетикалық базаны қажеттi өсiрудi және жетiлдiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн нақты балама атом энергетикасын және онымен үздiксiз байланыстағы уран өнеркәсiбi дамыту болып табылады. 
Атомдық өнеркәсiптік-энергетикалық кешен атом энергетикасының өзiн және атом станцияларын отынмен қамтамасыз етушi және атом энергетикасы сияқты халық шаруашылығының жоғары технологиялы әрi ғылымды қажетсiнетiн саласы болып табылатын уран өнеркәсiбiн қамтиды. Атом энергиясы көздерiнен экономикалық тиiмдi, қауiпсiз және экологиялық таза энергия алу тек, екi құраушының - атом энергетикасы мен уран өнеркәсiбiнiң бiр мезгiлде, үйлесімдi дамуы кезiнде ғана мүмкiн. 
Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын, негiзгi мiндеттерi, жолдары мен бағыттарын белгiлейдi. Тұжырымдама, сондай-ақ, объективтi алғышарттарды көрсетедi және Қазақстанда атом энергетикасы мен уран өнеркәсiбiн дамыту стратегиясының негiзгi қағидаларын қалыптастырады. Тұжырымдаманы әзiрлеу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiнде жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi