Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 Қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның ережесінде:
үшінші абзацта «меншігінде» деген сөзден кейін «немесе кепілінде» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде «жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;»;
2) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат):
кіріспесінде «193-1-бабына» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабының 3-2) тармақшасына» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесінде:
1-тармақта «193-1-бабына» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабының 3-2) тармақшасына» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта «атқарушы орган.» деген сөздер «атқарушы орган;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«кепіл ұстаушы - кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілге алынған мүлік тиесілі тұлғаның басқа кредит берушілер алдында басым осы мүлкінің құнынан қанағаттануына құқығы бар кредит беруші.»;
3-тармақтың бірінші абзацында «сатуға» деген сөзден кейін «не кепіл ұстаушы кепілге алынған мүлікті соттан тыс тәртіппен сатуға, не сот актісінің негізінде стратегиялық объектіге өндіріп алуды айналдыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия

