Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 727
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.08.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының бұдан былайғы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелері бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп, осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін тіркеуден өткізсін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 5 сәуірдегі
N 62 қаулысымен
бекітілген
Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру
 Ережелері
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалды және еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін АҚШ долларына айырбастауды (бұдан әрі - айырбастау) жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1. 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша заңды және жеке тұлғалардың»(банк операцияларының»жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан басқасы) екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) банктiк есепшоттарындағы теңгемен талап етiлетiн де және мерзiмдi теңгелiк депозиттерi де осы Ережелердiң» 2, 3, 4 және 5-тармақтарында белгiленген шарттарға сай айырбастауға жатады. 
Сонымен қатар, егер 1999 жылғы 29 наурыз - 2 сәуiр аралығындағы кезеңде депозитордың банктiк есепшотынан ақша алу және/немесе ақша қосу (есептеу) жүзеге асырылған болса, онда депозитордың банктiк есепшотындағы 1999 жылғы 2 сәуiрдiң»аяғындағы депозит сомасы 1999 жылғы 29 наурыздағы депозит сомасы қалдығының шегiнде айырбастауға жатады. 
1999 жылғы 5 сәуiрден бастап өтiнiш берiлген күнге дейiнгi кезеңде депозитордың есепшотынан ақша алған және/немесе ақша қосқан жағдайда, 1999 жылғы 2 сәуiрдiң» аяғындағы қалдық шегiнде, осы Ережелердiң 6-тармағында көзделгендей өтiнiш берген күнгi депозитордың есепшотындағы депозиттiң нақты сомасы айырбастауға жатады, бiрақ 1999 жылғы 29 наурыздағы депозитордың есепшотындағы ақша қалдығынан аспауға тиiс. 
Айырбастауға жататын депозит сомасын анықтау мысалдары осы Ережелерге қоса берiлiп отыр (N 3 қосымша).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.04.1999 № 69 қаулысымен.
2. Әрбір депозитор - жеке немесе заңды тұлға теңгелік депозиттің мөлшерін дербес айқындайды, ол осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген бағам бойынша АҚШ долларына айырбасталатын болады және мынадай шектеулер ескеріледі: 
1) жеке тұлғалардың теңгелік депозиттері - 29.03.99 жылғы жағдай бойынша банк есепшотындағы ақшасының бүкіл қалдығы шегінде; 
2) заңды тұлғалардың теңгелік депозиттері - 29.03.99 жылғы жағдай бойынша банк есепшотындағы ақша қалдығының 30 %-і шегінде. 
3. Теңгелік депозиттердің бағамы 1 АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын болады. 
Полная версия
ИС BestProfi