аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
Внимание! Документ утратил силу с 11.03.2008
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 1351 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 11.03.2008. № 552 Жарлығымен. (23.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақтың 3) тармақшасында "жөнінде ұсыныстар енгізеді" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының - саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылы тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.";
10) тармақтың 3) тармақшасы "құқықтық" деген сөзден кейін "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы "қажеттігі" деген сөзден кейін ", Президенттің Парламент басшылығымен, партиялар фракцияларымен және депутаттық топтармен, Парламенттің жекелеген депутаттарымен кездесулер өткізуі" деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалға, мемлекеттік органдардың және мемлекеттің лауазымды адамдарының жұмысына талдау жүргізеді; қоғамдық пікірді зерделейді, елдегі және шет елдердегі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалға болжам жасайды; Республика Президентіне мемлекеттік маңызды мәселелер жөнінде ақпарат дайындайды;";
19-тармақта:
2) тармақша "орналастыру" деген сөзден кейін ", олардың резерві" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада "даярлау мен қайта даярлауды" деген сөздер "даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды" деген сөздермен алмастырылсын;
5) тармақша "қызметшілерінің" деген сөзден кейін "бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарды," деген сөзбен толықтырылып, "аттестациясын" деген сөз "аттестациялауды" деген сөзбен алмастырылсын;
25-тармақта:
"Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарларында," деген сөздерден кейін "Президент Кеңсесінің бастығында," деген сөздермен толықтырылсын;
"Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларында" деген сөздерден кейін ", Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторларында" деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармақ "соның ішінде" деген сөздерден кейін "бөлімдер мен басқармалар құрамындағы өзге бөлімшелерден және" деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақ "Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары," деген сөздерден кейін "Президент Кеңсесінің бастығы," деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақтың екінші абзацы "Орынбасарлардың" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Президент Кеңсесі бастығының" деген сөздермен толықтырылсын;
41-тармақтың 3) тармақшасында "орынбасарларының," деген сөзден кейін "Президент Кеңсесі бастығының, өзге де" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Полная версия