Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 697 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 23 маусымдағы
 № 697 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді, мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу тәртібін айқындайды және пайдалануында мемлекеттік әуе кемелері бар мемлекеттік органдарға қолданылады.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау органы (бұдан әрі - бақылау мен қадағалау органы) - мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік авиация қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
2) мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - бақылау) - тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі мәніне тексеру және байқау жөніндегі бақылау мен қадағалау органының қызметі;
3) мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) - тексерілетін субъектілердің әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі бақылау мен қадағалау органының қызметі;
4) тексерілетін субъектілер - мемлекеттік авиацияның басқару органдары, мемлекеттік авиация саласындағы жеке (авиация персоналы) және заңды тұлғалар.
3. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2013 жылғы № 274 Қаулысымен (23.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 176 Қаулысымен (26.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
2. Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен
 қадағалау жүргізу тәртібі 2.1. Тексеру жүргізу тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi