Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2011
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 17.06.2011 жылғы № 102 Жарлығына сәйкес
Редакция 13.07.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының  Конституциясы  40-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдары өздерiнiң құқық қолдану тәжiрибесiнде Тұжырымдаманың қағидаларын басшылыққа алсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
     Президенті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2002 жылғы 20 қыркүйектегі
 N 949 Жарлығымен
 мақұлданған
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшiн " Қазақстан Республикасының Президентi туралы ", " Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы ", " Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы ", " Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы ", " Республикалық референдум туралы ", " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негiзiн құраған өзге де заң актiлерi қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы  Конституциясының  негiзiнде жаңа конституциялық құқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас билiктiң үш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты. Тұрақты жұмыс iстейтiн қос палаталы Парламент күннен-күнге жемiстi жұмыс iстеуде. Атқарушы билiктi нығайту және жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданылды. Бiртұтас сот жүйесi құрылды, судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданды.  
Жеке меншiк, азаматтық қоғам, еркiн кәсiпкерлiк қатынастарын реттейтiн азаматтық құқық одан әрi дами түстi. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негізделген, қорғалуға тиiс әлеуметтiк құндылықтардың түбегейлi жаңа сатысы айқындалды. Әлемдiк қоғамдастықта орныққан принциптерге едәуiр сәйкес келетiн азаматтық iс жүргiзу, қылмыстық-iс жүргiзу және қылмыстық-атқару заңнамасы елеулi өзгердi.  
Соттар мен құқық қорғау органдарының құқық қорғау қызметiнiң тиiмділігiн арттыруға бағытталған қайта құру реформаның маңызды құрамдас бөлiгi болып табылды.  
Судьялар корпусын жасақтауда билiктiң барлық тармақтары мен судьялар қоғамдастығын қатыстыра отырып, судьяларды ғұмыр бойына тағайындау тәртiбi енгiзiлдi, олардың мәртебесi мен қамтамасыз етiлу деңгейiн көтеретiн басқа да шаралар iске асырылды.  
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес қылмыстық iстер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудi арнайы органдар жүргiзедi әрi олар сот пен прокуратурадан бөлiнген. Iшкi iстер органдарын оларға тән емес функциялардан босату мақсатында өртке қарсы күрес қызметi бұл органдардың құрылымынан шығарылды. Қылмыстық-құқықтық статистика жүргiзу қызметi iшкi iстер органдарынан өзiне берiле отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды. Сонымен қатар Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Қорғаныс министрлiгiнен, iшкi iстер органдары мен кеден органдарынан тиiстi сараптама бөлiмшелерiнiң берiлуi есебiнен Қазақстан сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының базасында "Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптама орталығы" құрылды.  
Полная версия
ИС BestProfi