Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.07.2005
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері
Қазақстан Республикасы Президенті Өкімі. 1998 жылғы 12 қараша N 4142
Күші жойылды ҚР Президентінің 08.07.2005. № 1611 Жарлығымен. (12.11.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы" N 4075 Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы туралы ереже (қоса беріледі) бекітілсін. 
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі түлегінің дипломы мен омырауға тағатын белгісінің үлгісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 25 ақпандағы N 3852 өкімінің  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 21-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 1998 жылғы 12 қарашадағы
 N 4142 өкімімен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4075 Жарлығымен құрылды және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын жоғары арнаулы кәсіби білім беретін мемлекеттік оқу орны мәртебесі бар жоғары білім және ғылым мекемесі болып табылады. 
2. Академия Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы және мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды басқару жүйесіндегі оқу-әдістемелік, ғылыми және ақпараттық- талдау орталығы болып табылады. 
3. Академия қызметінің негізгі бағыттары: 
орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты лауазымдар атқаратын адамдар ішінен мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру; 
мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
мемлекеттік қызметті дамыту және оны құқықтық қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар даярлау; 
мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; 
мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызмет проблемалары жөнінде ақпараттық-талдау тұрғысында қамтамасыз ету; 
мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды ғылыми және ұйымдық қамтамасыз етуге қатысу болып табылады. 
4. Академияның қызметі мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен және мемлекеттік ұйымдармен оқыту туралы шарттар, ғылыми зерттеулер мен ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу жөніндегі шарттар негізінде жүзеге асырылады. 
5. Академия жалпы мемлекеттік ғылыми мамандықтар бойынша аспирантура, докторантура және ізденушілік арқылы жоғары білікті кадрлар даярлауды, мемлекеттік қызмет үшін жас мамандарды оқытуды жүзеге асыратын елдің басқа да жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Академияның өзінде студенттер даярлауды жүргізеді, осы заманғы құралдарды, озық әдістер мен технологияларды пайдалану негізінде оқу процесін бағдарламалық және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеп, іске асырады. 
Полная версия
ИС BestProfi