Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 29 қарашадағы
 № 1263 қаулысына
 1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2013 жылғы № 1277 Қаулысымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Рау              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович   жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, төраға

Жақатаев         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Еркін Исаханұлы    технологиялар министрлігі Жер қойнауын
                   пайдалану департаментінің директоры, төрағаның
                   орынбасары

Сыздыханова      - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Толқын             технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану
Орынбайқызы        департаменті конкурстар және тікелей келіссөздер
                   ұйымдастыру басқармасының бастығы, хатшы

Айтаев           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ренат              Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің
Құрметжанұлы       меңгерушісі

Өжкенов          - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Болат Сұлтанұлы    технологиялар министрлігі Геология және жер
                   қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

Карплюк          - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Сергей Алексеевич  технологиялар министрлігінің Инвестициялар
                   комитеті төрағасының орынбасары

Таспихов         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Амангелді          технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің
Сатыбалдыұлы       төрағасы

Жақсыбаев        - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
Бақыт Қалмырзаұлы  сауда министрлігінің Экономика салаларын дамыту
                   департаменті директорының міндетін атқарушы

Құдабаев         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
Шафхат Серікұлы    комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы

Төрекелдиев      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
Сүйіндік           министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау
Мырзахметұлы       комитеті төрағасының орынбасары

Есенбаева        - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға
Әлия Өмірбекқызы   тәуелді актілер департаментінің сарапшысы

Жергілікті атқарушы
органның өкілі
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады)

      2. Көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Қарабалин        - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі,
Ұзақбай            төраға
Сүлейменұлы

Ақшолақов        - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы      вице-министрі, төрағаның орынбасары

Алдашев          - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Рүстем Ағыбайұлы   Жер қойнауын пайдалану келісім шарттары және
                   өнімді бөлу туралы келісімдер департаментінің
                   директоры, хатшы

Нұрабаев         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Базарбай Қанайұлы  технологиялар министрлігі Геология және жер
                   қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

Айтаев           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Ренат              Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің
Құрметжанұлы       меңгерушісі

Құлмырзин        - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қуандық            Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры
Сағындықұлы

Такиев           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
Мәди Төкешұлы      жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты
                   департаментінің директоры

Құдабаев         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
Шафхат Серікұлы    комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы

Тәутеев          - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су
Әуесбек Зпашұлы    ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және
                   бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Жолдыбай         - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Мақсат Орынбекұлы  Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау
                   департаментінің директоры

Жергілікті атқарушы
органның өкілі
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 29 қарашадағы
 № 1263 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауы пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Осы Ереже Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен жұмыс тәртібін анықтайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізілетін пайдалы қазбалардың түрлеріне қарай Комиссияның екі құрамы болады:
1) қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық мәселелері бойынша;
Полная версия
ИС BestProfi