«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14-1) тармақшасына және 14-1-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 295-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8198 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 жылғы № 550 Бұйрығына сәйкес
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4166 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 5 мамырдағы № 81 (1061) «Заң» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14-1) тармақшасына және 14-1-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: »
«1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және ұсыну ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесі»;
«1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Ереже Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар (бұдан әрі - сараптамалар) жүргізу тәртібін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну тәртібін айқындайды.»;
«3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
құзыреттi орган - салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығының және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;
уәкiлеттi орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмдiлiгiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
сарапшы - қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу қызметтерін көрсететiн жеке немесе заңды тұлға.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
«6. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамаларды уәкілетті орган және (немесе) табиғи монополиялар субъектісі ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, қаржылық сараптама үшін кемінде екі жылда бір рет және техникалық сараптама үшін үш жылда бір рет мерзімділікпен жүргізеді.»;
7, 8-тармақтар алып тасталсын:
«9. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы табиғи монополия субъектiсi (бұдан әрi - Субъект) ұсынған ақпаратты осы Ережеге сәйкес зерделейдi және талдайды.
10. Сарапшы қажет болған жағдайда өткiзiлiп отырған сараптамалардың шеңберiнде Субъектiден және (немесе) уәкiлеттi органнан қосымша ақпарат сұрайды.»;
«14. Есеп осы Ереженiң 17 және 18-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган сарапшыға оны сәйкес келтiру қажеттiлiгi туралы хатты нақты мерзiмдерін көрсете отырып жолдайды.
15. Сарапшы ұсынылған ақпарат бойынша есептi Ереженiң 17 және 18-тармақтарына сәйкес пысықтайды және оны уәкiлеттi органға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін табиғи монополиялар субъектілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізілген қаржылық және техникалық сараптамалардың қорытындысын ұсынады.»;
«4. Техникалық сараптама жүргізу кезінде ашылуға жататын, мәселелер тізімі;
«5. Қаржылық сараптаманы жүргізу кезінде ашылуға жататын, мәселелер тізімі»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарапшы шығындардың есепке алынуын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 185-НҚ бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2438 нөмiрмен тiркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, мыналарды қоса бағалайды:»;
жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарапшы талдамалы кезеңде өткiзiлген шығындары тарифтердi қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуiне баға бередi;»;
«Ереженің талаптарына сәйкес шығындардың баптары бойынша тарифтiк сметаның атқарылуына талдауды, есеп айырысулардың дұрыстығы мен негiздiлiгi тұрғысында қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өз құнының қолда бар калькуляциясын бағалауды қамтиды. Сарапшы тарифтiк сметаның атқарылуына талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша тарифтiк сметада бекiтiлгеннен ауытқу сомаларын (қаражатты пайдаланбау), орындамау себебiн айқындайды;».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмыстар департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынуды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
Полная версия