1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5946, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған 2010 жылғы № 7) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2022
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгертулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 1 наурыздағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 наурызда № 6848 тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2022 жылғы № ҚР ДСМ-158 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі 23-бабы Кодексіне сәйкес Бұйырамын:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (Б.Т. Төкежанов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Д.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Байжүнісов
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтерге тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдiстемесiне қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтерге тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдiстемесi
1. Негiзгi ережелер
1. Осы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтерге шығындарды жоспарлау мен тарифтер жасау әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 23-бабына сәйкес әзiрленген.
2. Осы Әдістеме тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін мынадай медициналық қызметтерге берілетін тарифтерді белгілеу бойынша механизімен айқындайды:
1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК);
2) консультациялық-диагностикалық көмек;
3) жедел медициналық көмек;
4) стационарлық көмек;
5) стационарды алмастыратын медициналық көмек
Полная версия

