Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.10.2014 жылғы № 113 Бұйрығын қараңыз
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 886 қаулысымен
бекітілген
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) ұзартуды белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1202 Қаулысымен (07.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидада Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға ұғынылады.
Осы Қағидада ұлттық тасымалдаушы деп мәртебесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын арнайы тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк багажды, пошта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін тасымалдаушы түсініледі.
2. Тендерге конкурстық құжаттаманы «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жүруі болжанатын ұлттық темір жол компаниясының жолаушылар поезы қозғалысының нормативтік кестесі базасында құрылған лоттар және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттама негізінде уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Уәкілетті орган тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзарту мәселелерін қарау үшін құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ. 
5. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерді қарайды және шарттардың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
7. Тендер өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша ұйымдастырушысына жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін өзге де мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
8. Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі Шарттың мерзімін ұзартуға берілген өтінімдердің, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпазды анықтау және шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Полная версия
ИС BestProfi