Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5135 болып енгізілді.
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 жылғы № 639 Бұйрығына сәйкес (09.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.07.2021 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 жылғы № 639 Бұйрығына сәйкес (09.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, N 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, N 31-36, 870-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 543 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, N 19, 163-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы
N 8 бұйрығымен бекітілген
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 жылғы № 416 Бұйрығымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 жылғы № 639 Бұйрығымен (09.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 жылғы № 405 Бұйрығына сәйкес (11.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 16.03.2017 жылғы № 125 Бұйрығына сәйкес (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 жылғы № 161 Бұйрығымен (16.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 жылғы № 24 Бұйрығымен (17.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім туралы құжаттарды нострификациялау – басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
2) білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын уәкілетті органның ресми растауы.
Білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қатысты жүзеге асырылады.
3. Білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар білім туралы құжаттарды тану және баламалылығын анықтау мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (бұдан әрі – өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар), «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және осы Қағидаларға сәйкес реттеледі.
4. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi